Ұйықтап жатқан алашты.
Ояттың неге Нұрсұлтан.
Байлық, мұнай, жеріңді.
Саттың неге Нұрсұлтан.
Осыншама ақшаны.
Не істемекшісің Нұрсұлтан.
Аз ғана қалған ғұмырда.
Жақсылық жасасайшы Нұрсұлтан.
Қазағыңды құл қып қытайға.
Жəутеңдетпе Нұрсұлтан.
Тағы да бір ойланып.
Дұрыс шешімге кел Нұрсұлтан.
Ата-баба аруағы үшін.
Қатын бала қамы үшін.
Бір милиметр жер үшін.
Қан төгеміз Нұрсұлтан.
Тартысам деп жер үшін.
Қазақ үшін, ел үшін.
Талдыкурган дайын Нұрсұлтан.
Темірді саттың басқаға.
Көмірді саттың басқаға,
Сатқанның жөні осы деп,
Жеріңді саттың, масқара!
Аузын ашпады бір атай,
Көзін ашпады бір апай,
Балаңды саттың бейшара,
Далаңды саттың, ұят-ай!
Сатылды таулар, шыңдар да,
Өзен-көл, қырат-қырлар да!
Мұнайды саттың демеймін,
Құдайын сатқан құлдарға!
Қызыққа тоймай жастар жүр.
Өмірге тоймай көп шал жүр.
Ақшаға көзің тоя ма,
Көзіңе жарың шөп салғыр.
Атамның жерін сатқан Ұл-
Анасы бекер тапқан Ұл!
Осы өлең саған жетсе екен,
Көріңде тыныш жатпағыр!
Жетпейді таңға кештік ас!
Сонда да қалмас ешкім аш!
Жерімді саттым дегенмен,
Ерімді саттың ешкібас!
Аштық келсе де көнерсің,
Көнбесең мұңнан өлерсің!
Жерді сатқандар сол кезде,
Көтін де сатар, көрерсің!